"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение«Школа-гимназия города  Макинск отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде:

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАЛАҚЫНЫ, БАСҚА ДА ТӨЛЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ, ЖЕКЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

28.12.2020

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫ

 

 

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАЛАҚЫНЫ, БАСҚА ДА ТӨЛЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ, ЖЕКЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН

КЕПІЛДІКТЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

 

 

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Б.А.Асыловамен онлайн-кездесу материалдары бойынша)

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жыл

 

 

 

№ р/н

 

СҰРАҚ

 

ЖАУАП

1

2

3

 

I. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

1

Шектемелі карантин шаралары мерзімінде кезекші сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге жалақыны есептеу қалай

жүзеге асырылады?

Кезекші сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдерге айлық жалақыны есептеу ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы

№191 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу Қағидасының 9-тармағында көзделген жалпы тәртіпте жүзеге асырылады. Бұл ретте өткізілген сабақтардың нақты саны есепке алынады.

2

Кезекші сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдерге дәптерлер мен жазба

жұмыстарын тексергені үшін, сынып жетекшілігі, біліктілік санаты,

жаңартылған білім мазмұны үшін қосымша ақылар және еңбекақы төлеу жүйесімен көзделген басқа да қосымша ақылар төлене ме?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу Қағидасының 3-армағына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес тарифтік ставкамен (лауазымдық айлықтар) айқындалатын қызметкердің біліктілігіне, өтілі мен санатының болуына байланысты, ұйымның бірінші басшысымен бөлінетін және аптасына нормативтік жүктемені есепке алып анықталатын оқу жүктемесіне, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген өтемақылық және ынталандыру сипатындағы төлемдерді есепке алып төленеді.

Кезекші сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдерге көтерме, қосымша және үстеме ақылардың барлық түрлері тағайындалады.

 

 

3

Мектепалды даярлық сыныптар мұғалімдеріне, егер олардың нормативтік оқу жүктемесі аптасына 24 сағат болып, сондай-ақ оқу жоспары бойынша 20 сағат көзделсе, ал жеке пәндерді мамандарға беруді ескеріп, оның нақты жүктемесі аптасына 14-16 сағат болса, жалақы қалай есептеледі?

Оны нормативтік оқу жүктемесіне дейін сағаттармен қалай толықтыруға болады? Оның жұмыс уақытының ұзақтығы қандай болуы қажет?

Мектепалды даярлық сыныпта оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын педагог мұғалім емес, тәрбиеші деп аталады. Оның қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиешісінің негізгі еңбек міндеттері аталған лауазым бойынша біліктілік сипаттамасымен айқындалған «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипатталамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген. Мектепке дейінгі сынып тәрбиешісіне тек оқу жоспарының пәндерін оқыту міндеттері ғана емес, сонымен қатар біліктілік талаптарымен келісілген бірқатар өзге де міндеттер жүктеледі. Тәрбиеші өз міндеттерін нормативтік жүктемемен анықталған жұмыс уақыты ішінде орындайды. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 8-бабының 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін апталық нормативтік оқу жүктемесі 24 сағат мөлшерінде белгіленеді. Мектепке дейінгі сынып тәрбиешісінің нақты жүктемесі оның тікелей жүргізетін оқу сабақтарының санына қарамастан, аптасына тұрақты  24  сағатқа тең болады. (Мектепке дейінгі балалар ұйымындағы тәрбиеші бір ставкаға аптасына 24 сағат жұмыс жасайтын сияқты). Жоғарыда айтылғандар негізінде:

- мектепалды сынып тәрбиешісінің жұмыс уақытының ұзақтығы оның апталық 24 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен анықталады, тәрбиешінің күнделікті жұмыс кестесі оқу сабағының кестесін ескере отырып, білім беру ұйымының әкімшілігімен дайындалып бекітіледі және бір ставкаға аптасына 24 астрономиялық сағаттан артық болмауы

тиіс;

 

 

 

 

- ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3- тармағының 2)-тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі сынып тәрбиешісінің тарифтік ставкасы атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қарай тарифтік ставканы есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді ҚР қолданыстағы заңнамасымен  белгіленген базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне көбейту жолымен есептеледі. Тәрбиешінің жалақысын есептеу кезінде оның тікелей өткізетін оқу сабақтарының саны есепке алынбайды. Жалақыны есептеу үшін негіз оқу жүктемесі бір жұмыс ставкасына 24 сағат оқу жүктемесі болып табылады.

4

Жұмыстарын қашықтықтан жүзеге асыратын мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиешілеріне жалақы қалай есептеледі?

Қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасымен мектепке дейінгі ұйымдарды қашықтықтан оқыту режиміне көшіру көзделмеген. Бұл ұйымдарда шектеулердің тиісті мемлекеттік актілерімен көзделген шеңберде кезекші топтар ашылады.

5

Факультатив сағаттар бойынша онлайн- сабақтарға еңбекақы қалай төленеді?

Факультатив сабақтарды онлайн-режимде жүргізетін педагогтердің еңбектеріне ақы төлеу жалпы негіздемеде жүзеге асырылады

(2 сұрақтың жауабын қараңыз).

6

Қашықтықтан жұмыс режиміне

ауыстырылған педагогтерге кабинет меңгерушілігі үшін қосымша ақы төлене ме?

Оқу кабинеттерін (зертханалар, шеберханалар, оқу-консультациялық пункттер) меңгерушілігі үшін қосымша ақы қосымша жұмыстардың бұл түрін орындаған жағдайда төленеді. Егер педагог өзінің негізгі еңбек қызметін оқу кабинетіне (зертханаға, шеберханаға, ОКП) келмей қашықтан жүзеге асырса, қосымша ақы төленбейді.

 

 

7

Қосымша білім беру ұйымдарында кабинет меңгерушілігі үшін қосымша ақы төлене ме?

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4- қосымшасының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес оқу кабинеттерін (зертханалар, шеберханалар, оқу-консультациялық пункттер) меңгергені үшін қосымша ақы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында көзделген. Қосымша білім беру ұйымдарында аталған қосымша ақы төленбейді.

8

Педагогтің ваканттық сағаттарға жалақысы орнын ауыстыру түрінде ме әлде жалпы негіздеме бойынша анықтала ма?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидасының 14-тармағына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша білім беру ұйымдарында педагогтердің сағаттық жалақысын есептеу ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған педагогтің міндеттерін орындау кезіндегі оқу сағаттары үшін жүргізіледі.

Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогке еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.

Сағаттық еңбекақы жағдайында жұмыс жасайтын және каникул кезінде сабақ жүргізбейтін тұлғаларға бұл уақытқа еңбекақы төлемі жүргізілмейді.

«Ваканттық сағаттар» жүктеме түрінде бөлініп, жалпы негіздемеде төленуі тиіс.

9

Жұмысты  қоса   атқаратын                   педагогтердің

еңбек  ақысы  каникул  мерзімінде  сақтала

ҚР  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №1193  «Азаматтық

қызметшілерге,  мемлекеттік   бюджет   қаражаты                            есебінен         ұсталатын

 

 

 

ма?

ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына 4- қосымшаның ескертпесінің 2-тармағына сәйкес оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагогтерге еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде (қосымша ақы есебімен) белгіленген жалақы нақты жүктемесі есебімен жүргізіледі.

Сонымен, қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін педагогтардың еңбек ақысы оқушылардың каникулдары кезеңінде каникул басталар алдындағы белгіленген нақты жүктемесі, қосымша ақы есебімен жүргізіледі.

10

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің бухгалтерлеріне, кітапханашыларына, лаборанттарына 2020

жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 25% арттыру неге көзделмеген?

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3- тармағының 2-тармақшасына сәйкес педагогтердің лауазымдық айлықтарының белгіленген мөлшеріне 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде түзету коэффициенті қолданылады.

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 1-бабының 1)- тармақшасына сәйкес педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу,  білім  беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.

Жалпы білім беретін мектептің лаборанты, бухгалтері, кітапханашысы педагог болып табылмайды. Сәйкесінше, жоғарыда көрсетілген түзету коэффициенті олардың лауазымдық айлықтарын есептеу кезінде қолданылмайды.

 

 

11

Жалпы деңгейлік курстарға және қосымша қашықтықтан өткізілетін сабақтар мен кезекші сыныптарға қосымша ақы төлене ме?

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4- қосымшасының 5-тармағына және ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидасының 39-тармағына сәйкес деңгейлік біліктілікті арттырудан өткен, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін біліктілік емтиханын тапсырған және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік деңгейі үшін  қсымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен асырылмай төленеді.

Сонымен қатар, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына сәйкес біліктілік деңгейлерін беру кезіндегі сертификаттың жарамдылық мерзімі – 5 жыл болып анықталды. Сөйтіп, аталған қосымша ақы төлемі 2020 жылғы желтоқсанда аяқталады.

Аталған қосымша ақы кезекші сыныптармен қатар, қашықтық нысаны бойынша оқыту кезіндегі жұмыс үшін де төленуі тиіс.

12

Екінші немес бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі мұғалімге «педагог- сарапшы» біліктілік санатын беру кезінде педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық айлық пен қосымша ақы қалай анықталады?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) Қағидаларының 22-тармағына сәйкес төменде көрсетілген біліктілік санаттары берілген педагогтерде біліктілік санаттары берілген кезден бастап лауазымдарының мынадай біліктіліктері сақталады немесе беріледі, сондай-ақ теңестіріледі:

«екінші санат» - «педагог-модератор»;

 

 

 

 

«бірінші санат» - «педагог-сарапшы»;

«жоғары санат» - «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер».

Осылайша, «педагог-сарапшы» біліктілік санатын алуға аттестаттаудан өткен бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі мұғалімге жалақы В2-2 бойынша бірінші санаттағы мұғалім ретінде есептеліп, лауазымдық айлықтан 35% мөлшерінде «педагог-сарапшы» біліктілік санаты үшін қосымша ақы тағайындалуы тиіс.

Сонымен қатар, «педагог-сарапшы» біліктілік санатын алуға аттестаттаудан өткен екінші санаттағы мұғалімге жалақы В2-2 бойынша бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі мұғалім  ретінде есептеліп, лауазымдық айлықтан 35% мөлшерінде «педагог- сарапшы» біліктілік санаты үшін қосымша ақы тағайындалуы тиіс.

13

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» №77 қаулысының 4-т. сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында қазақ тілі оқытушысының бірлігі белгіленген. Жоғары білімі болған жағдайда, олар азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізбесінің қандай буыны мен сатысына жатады?

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» №77 қаулысының 4-тармағына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында қазақ тілі оқытушысының бірлігі белгіленді.

Педагогтер лауазымдарының Тізбесіне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен барлық мамандықтағы мұғалімдердің лауазымдары педагогтарға жатқызылды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларының 21-тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарындағы қазақ тілі мұғалімі қазақ тілін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді.

Жоғарыда айтылғандар негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі мұғалімінің лауазымы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген

 

 

 

 

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының т

ізбесі бойынша 1-4 сатысы бойынша (біліктілік санатына байланысты) В2 және В4 буындарына (білім беру деңгейіне байланысты) жатады.

14

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысының еңбекақысының    ерекшеліктері                    қандай? Оқу-дала                    жиынын                       жүргізгені                      үшін қосымша                              ақы          есептеу                    тәртібін түсіндірсеңіз.

Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы төлене ме?

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында ұйым түріне байланысты және үлгі оқу жоспарына сәйкес алғашқы әскери даярлық бойынша оқытушы-ұйымдастырушы лауазымының штаттық бірлігі белгіленеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес АӘД оқытушы-ұйымдастырушысының міндетіне әскери- патриоттық тәрбие мен білім алушыларды әскерге шақыруға дейінгі дайындауды ұйымдастыру және басқасы кіреді.

Сонымен қатар, Үлгі оқу жоспарларына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесін жүргізеді.

Осылайша, АӘД оқытушы-ұйымдастырушысының айлық жалақысын есептеу, біліктілік санатын, өтілін, білім деңгейін, еңбек жағдайы мен т.б. ескере отырып, лауазымдық айлығы мен нақты оқу жүктемесіне байланысты есептеледі. Оқушылардың жазғы дала жиындарын өткізуге бөлек төленбейді.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4-

 

 

 

 

қосымшасының 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы нақты жүктемені ескере отырып лауазымдық айлыққа 30% мөлшерінде белгіленеді.

Сәйкесінше, аталған қосымша ақы АӘД оқытушы- ұйымдастырушысының лауазымдық айлығынан емес, белгіленген апталық оқу жүктемесінен, мысалы, 9 сағаттан төленеді.

15

Неге мұғалімдерге ата-аналармен жұмыс, сабақтан тыс тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс және т.б. төленбейді?

Егер жалпы жалақыдан жүктеме үшін жалақыны алып тастаса, онда ата- аналармен жұмыс, сабақтан тыс жұмыс және тәрбие жұмысы үшін еңбекақы нөлге тең болар еді.

Сабақ беруді (мысалы: мұғалімдер, оқытушылар, қосымша білім беру педагогтері және басқалары) жүзеге асыратын педагогтердің кейбір санаты үшін жалақының ставкасы үшін оқытушылық жұмыс сағаттарының нормасы жұмыс уақытының нормаланатын бөлігі ғана болып табылады, себебі олардың лауазымдық міндеттері тек оқытушылық жұмысты орындаумен шектелмейді. Мысалы, мұғалім еңбекақысын төлеу кезінде есеп айырысу бірлігі ретінде қабылданған оқытушылық жұмыс сағатының апталық нормасы 18 сағат, басқа барлық педагогикалық жұмыс (ата-аналармен жұмыс, сабақтан тыс тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс және басқалары) төленбейді дегенді білдірмейді.

Жалақының ставкасы мұғалімге белгіленген сағаттар нормалары шегінде оқытушылық жұмысты орындағаны үшін, сондай-ақ біліктілік сипаттамаларымен көзделген басқа да міндеттерді орындағаны үшін төленеді.

Негізгі еңбек міндеттері көрсетілген «мұғалім» лауазымы бойынша біліктілік сипаттамасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы

13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығымен бекітілген.

Аталған сипаттамаға сәйкес мұғалімнің міндеттері жеткілікті, соның ішінде білім алушыларды тәрбиелеу де бар.

Сондай-ақ, жұмыстың жеке түрлері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31

 

 

 

 

желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»

№1193 қаулысымен белгіленген, еңбекақы төлеу жүйесімен көзделген қосымша және үстеме ақылар тағайындау арқылы қосымша төленетінін ескерген жөн. Мысалы, сынып жетекші ретінде ата-аналармен және оқушылармен жұмыс үшін сынып жетекшілік үшін қосымша ақы белгіленеді.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы (білім басқармасы және бөлімдері) жергілікті атқарушы органдарда, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік өзін-өзі дамытуына септігін тигізетін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауды, білім беру процесін талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды қамтамасыз ететін білім басқармасы органдарының құрылымдық бөлімшелері ретінде әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бар.

16

Мектеп бухгалтерлері, лаборанттар, іс жүргізушілер 2010 жылдан  бастап ауылдық жердегі жұмыстары үшін 25 % үстеме ақы алмайды, төленбейді. Заң бойынша ауылдық жердегі жұмыстары үшін үстеме ақы тиесілі ме?

Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.

Аталған мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi орган мен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

 

 

 

 

Сондай-ақ, бұл норма «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, яғни ауылдық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында ауылдық елдiмекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің және т.б. тартылуын ынталандыруға бағытталған.

Осылайша, жоғарыда аталған тізбені жергiлiктi атқарушы орган жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша осы және өзге мамандардың қажеттілігіне қарай және әрбір ауданның қаржылық мүмкіндігіне қарай айқындайды.

17

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық

қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық

кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына сәйкес ерекше еңбек

жағдайлары үшін лауазымдық айлықтан 10% мөлшерінде үстеме ақы тағайындалған, аталған қосымша ақыны негізгі лауазымынан бөлек сабақ беретін пәндерінің сағаттары үшін мектеп директорларына, мектеп директорларының орынбасарларына төлеу заңды ма (директор, директордың орынбасары)

(мысалы, мектеп директоры – 1 ставка + аптасына педагогикалық жүктеменің 9

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықтан 10% мөлшерінде қосымша ақы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысындағы 18-қосымшасының 15-тармағында көзделген.

Лауазымдарды қоса атқару жағдайында қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы негізгі қызметі бойынша да, қоса атқару жағдайындағы лауазымы бойынша да тағайындалады. Сондықтан, негізгі жұмысымен қатар лауазымды қоса атқару бойынша жұмыс жасайтын білім ұйымының басшысына, аталған қосымша ақы басшының айлығына және мұғалім лауазымы бойынша нақты оқу жүктемесінен есептелген ставкасына төленеді.

 

 

 

сағаты –директордың 1 ставкасына 10% үстеме ақы + аптасына педагогикалық

жүктеменің 9 сағатына 10% үстеме ақы)?

 

18

Бастауыш сыныптарда жоғары педагогикалық білімі мамандығына сәйкес келмейтін мұғалімдер жұмыс істейді. Олар бұрыннан жұмыс істейді және бірінші немесе екінші біліктілік санаттары бар.

Мектеп басшылығы оларға еңбекақыны біліктілік деңгейі жоғары мамандар ретінде төлеуі заңды ма?

Мұғалімдерді азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізбесінің тиісті тізбелік тобына жатқызуы ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығымен бекітілген Үлгілі біліктілік сипаттамасы негізінде жүзеге асырылады. «Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері» лауазымы бойынша үлгілі біліктілік сипаттамасымен мұғалімнің тиісті мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімнің жоғары біліктілік деңгейі болу талабы белгіленген. 2020 жылға дейін бұл талап санаты жоқ мұғалімдерге және екінші біліктілік санаты бар мұғалімдерге қойылды. Жоғары, бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі мұғалімдер үшін тиісті мамандығының болуы шарт емес, оларда жоғары педагогикалық білімнің болуы бойынша біліктілік талабы қойылды.

ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 43-бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.

Сонымен, мұғалімнің жоғары немесе бірінші біліктілік санаты, оларды үлгілі біліктілік сипаттамасына соңғы өзгертулер енгізілгенге дейін алынған жағдайда, сондай-ақ аталған өзгертулер қолданысқа енгізілген дейін бастауыш сынып мұғалімінің лауазымында болған жағдайда, жалақыны есептеу жоғары біліктілік деңгейіндегі маман ретінде жүзеге асырылады.

 

 

19

Мектепке дейінгі, қосымша білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының педагогтеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы тағайындала ма?

Жоқ. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4- қосымшасының 10-тармағына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы тек бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне белгіленеді.

20

Балалармен тікелей жұмыс жасайтын, шын мәнінде педагог болып табылатын әлеуметтік педагогтер неге В3 санатына жатады, бұл еңбекақы төлеу мәселесіне тікелей қатысты ма?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы

№123 бұйрығымен бекітілген білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізбесінің «В» блогында (негізгі персонал) сала ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын педагогтер лауазымдары топтастырылған.

Оларды Тізбенің буындары мен сатыларына бөлу біліктілік деңгейіне, еңбектің күрделілігі мен санына қарай жүргізіледі. Білім саласындағы уәкілетті орган, аталған Тізбені әзірлеу кезінде түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары мен білім беру түрлерін тікелей іске асыруды қамтамасыз ететін лауазымдардың артықшылығын көрсеткен.

Дәл осы себеп бойынша әлеуметтік педагог лауазымымен салыстырғанда неғұрлым жоғары буындар мен сатыларда мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологы топтастырылған.

Біліктілігі, педагогикалық және әдістемелік міндеттері бойынша

 

 

 

 

неғұрлым күрделі жұмысты жүзеге асыратын мұғалім екені анық.

21

Тәлімгерлік үшін қосымша ақы кімге және қалай төленеді?

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 13-бабына сәйкес орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір  оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі.

Тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4- қосымшасының 11-тармағы бойынша тәлімгерлік үшін БЛА-дан 100% мөлшерінде қосымша ақы тағайындалған (базалық лауазымдық айлықақы – 17697 теңге).

Аталған қосымша ақыны алушылар мәдениет және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, әскери оқу орындарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері бола алады.

Тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талап ережелері ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген.

Тәлімгер төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  1. біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер»;
  2. педагогикалық этиканың негізгі принциптері мен нормаларын қадағалау;
  3. сабақ беретін пәні бойынша білім алушылар білімінің сапасы соңғы үш жылда кемінде 60% - 70 % болу.

Тәлімгерлік кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне белгіленеді.

 

 

 

 

Тәлімгер кандидатурасы педагогикалық кеңес мәжілісінде қаралып, орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен педагогті жұмысқа қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.

22

Аптасына нормативтік оқу жүктемеден артық, мысалы апталық 25 сағат оқу жүктемесі бар мұғалімге каникул кезіндегі жұмысы үшін қалай төленеді?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне жалақы есептеу қағидасының 11-тармағына сәйкес оқу тоқсандары аралығындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің демалыс күндерін қоспағанда, негізгі жұмыс орны бойынша педагогикалық жұмыс жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүргізіледі.

25 сағат көлемінде оқу жүктемесі бар мұғалім, каникул кезінде қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесімен белгіленген көтерме, қосымша және үстеме ақыларды ескере отырып, аталған жүктемеден есептелген жалақыны алады.

23

Интернат ұйымдарының тәрбиешілеріне демалыс күндеріндегі жұмыс екі есе мөлшерде төленуі тиіс пе?

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 2-тармағы және 109-бабына сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Көбінесе балалардың тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарының тәрбиешілері ҚР Еңбек кодексінің 75-бабы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебіне ауыстырылады.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі (ҚР Еңбек кодексі 1-бабының 1-тармағының

 

 

 

 

48)-тармақшасы).

ҚР Еңбек кодексінің 75-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.

ҚР Еңбек кодексінің 84-бабының 4-тармағына сәйкес үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан  демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) демалыс күндері ауысымдық кестелерге сәйкес аптаның әр күндері кезекпен беріледі.

Жұмыс уақытының жиынтық есебімен демалыс күніне түсетін ауысым, қызметкер үшін демалыс күні болып табылмайды. Сәйкесінше, демалыс күніндегі жұмысқа қосымша ақы тағайындалмайды.

24

Сағаттық еңбекақы қалай төленеді?

Сағаттық ақы төлеу нақты орындалған оқу жүктемесінің көлеміне тепе-тең түрде жүзеге асырылады. Бұл жерде оқу (оқытушылық) жұмысының сағаттық ақы мөлшері орнын ауыстыратын қызметкердің біліктілігін ескеріп, орны ауыстырылатын лауазым бойынша апталық педагогикалық жұмыс сағаттарының белгіленген нормасына көзделген жалақыны орны ауыстырылатын лауазым бойынша жұмыс сағаттарының орташа айлық санына бөлу жолымен айқындалады. Жұмыс сағаттарының орташа айлық саны педагог жалақысының ставкасына белгіленген бір аптаға педагогикалық ұмыс сағаттарының нормасын бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы бойынша жылына  жұмыс  күндерінің  санына  көбейту және  алынған  нәтижені 5

немесе  6  (бір  аптадағы  жұмыс  күндерінің  саны),  кейін  12-ге  (бір

 

 

 

 

жылдағы айлар саны) бөлу жолымен айқындалады.

Бір жылдағы жұмыс күндерінің саны: алты күндік жұмыс аптасымен

- 298; бес күндік жұмыс аптасымен - 246 күн. /2020 жылға арналған жұмыс уақытының балансын қараңыз/ .

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 19- қосымшасында, оқитындар контингентіне (мысалы: мектеп оқушылары, студенттер, курс тыңдаушылары) байланысты мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын қызметкерлердің сағат бойынша еңбекке ақыларын есептеу үшін коэффициенттер көзделген.

25

Қызметтерді қоса атқару кезінде ерекше еңбек жағдайы үшін қызметкерге үстеме ақы қалай төленеді?

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықтан 10% мөлшерінде үстеме ақы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 18-қосымшасының 15-тармағымен көзделген.

Қоса атқару жағдайында қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы негізгі лауазымы бойынша да, қоса атқару жағдайында атқаратын лауазымы бойынша да тағайындалады. Яғни, негізгі жұмысын қоса атқару бойынша жұмыспен атқаратын қызметкерлерге аталған қосымша ақы негізгі жұмысы бойынша айлыққа да, қоса атқару бойынша нақты оқу жүктемесінен есептелген ставкаға да есептеледі.

26

Сабақ  беруді  (мұғалімдер,            оқытушылар,

қосымша   білім   беру                  педагогтері   және

ҚР  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №1193  «Азаматтық

қызметшілерге,  мемлекеттік   бюджет   қаражаты                            есебінен         ұсталатын

 

 

 

басқалары) жүзеге асыратын педагогтерге ерекше еңбек жағдайы үшін 10% мөлшерінде          (барлық                              азаматтық қызметшілер үшін көзделген) үстеме ақы қалай есептеледі?

ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 18- қосымшасының 15-т. сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықтан 10% мөлшерінде үстеме ақы тағайындалады.

Нормативтік оқу жүктемесі белгіленетін педагогтер үшін лауазымдық айлық, шын мәнісінде, «айлық жалақы» болып табылады, өйткені ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №191 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне жалақы есептеу Қағидасының 9-тармағымен, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу үшін бір ай кезеңі қолданылады.

Педагогтің айлық жалақысы бір айға тарифтік ставканы (лауазымдық айлықты) оның апталық нақты жүктемесіне көбейту және алынған көбейтіндіні ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңымен белгіленген апталық нормативтік оқу жүктемесіне бөлу жолымен айқындалады. Осылайша, еңбекақы төлеу жүйесімен көзделген қосымша және үстеме ақылар кірмейтін және шын мәнінде, қызметкердің лауазымдық айлығы болып табылатын жалақының негізгі бөлігі есептеледі.

Сәйкесінше, жоғарыда көрсетілген үстеме ақы педагогтің нақты оқу жүктемесі бойынша ставкасынан есептелуі тиіс.

27

Олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін сыйлықақы қалай төленеді?

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен

үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйлықақы төленеді.

 

 

 

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілді.

Үнемдеу есебінен төлем жүзеге асырылатын шығыс түрлерінің тізбесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына 24 және 25-қосымшаларымен айқындалды.

28

Мектеп күзетшілеріне түнгі сағаттар және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, егер бұл сағаттар мереке күндеріне сәйкес келсе, қосымша ақы қалай төленеді?

ҚР Еңбек кодексінің 110-бабына сәйкес түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне тура келген кезде еңбекке ақы төлеу түнгі сағаттарға бөлек еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде және мереке немесе демалыс күндерінің сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық)

мөлшерлемесінен бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

 

II. ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ АҚЫСЫН ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫН ТӨЛЕУ

29

Еңбек    демалысының    ақысын              есептеу механизмі қандай?

Еңбек демалысы кезінде қызметкерге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік   даму   министрінің   2015 жылғы  30                                                                                 қарашадағы   №  908

бұйрығымен   бекітілген    орташа   жалақыны                        есептеудің   Бірыңғай қағидаларымен   белгіленген    тәртіпте                        есептелген   орташа           жалақы

 

 

 

 

төленеді.

Орташа айлық жалақыны есептеу, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Орташа айлық жалақыны есептеу кезінде жеке төлемдер (барлығы

  1. ескерілмейді, соның ішінде:
    • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы;
    • еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
    • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы;
    • қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы.

Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны еңбек демалысының кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.

Орташа күндік жалақы есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын еңбек демалысы кезеңіндегі жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің санына тиісінше бөлу жолымен айқындалады.

Жоғарыда аталған Бірыңғай қағиданың 13-тармағының мазмұнына ерекше назар аудару қажет, онда лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере

 

 

 

 

отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі делінген:

  1. егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
  2. егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
  3. егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (мөлшерлеме) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі.

Арттыру коэффициенті арттырудың соңғы айында белгіленген тарифтік ставканы (лауазымдық айлықты) арттыруға дейін белгіленген әрбір тарифтік ставкаға (лауазымдық айлыққа) бөлу жолымен есептеледі. Арттыру коэффициенті есептеу мерзімі шегінде әрбір сәйкес айдың есептелген жалақысының жалпы сомасына қолданылады. Арттыру коэффициенті:

  1. қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде;
  2. лауазымдық айлық мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін қызметкер мамандығы бойынша жұмыс өтілін көбейту кезінде немесе жұмысшының біліктілік разрядын арттыру кезінде қолданылмайды.

30

Қоса атқарушы қызметкерлерге еңбек демалысы және сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Еңбек шарты негізінде қоса атқару жағдайында еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға жұмыс берушілер еңбек демалысының ақысын және азаматтық қызметшілердің еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге міндетті. Жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалып, төленеді.

Қоса атқару жұмысы кезінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы ҚР Еңбек кодексінің 92-бабының 5-тармағына сәйкес беріледі: «Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша

 

 

 

 

жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді».

31

Егер қызметкер факультатив және ваканттық сағаттары бойынша қосымша сағаттар өткізуіне байланысты бір жыл ішінде жалақысы өзгерген болса, орташа күндік жалақыны қалай есептеуге болады? Бухгалтерия оларды еңбек демалысы күндерінің төленген ақысының есебіне ала ма?

ҚР Еңбек кодексінің 111-бабының 1-тармағының ережелеріне сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы жүргізіледі.

ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының 37)- тармақшасындағы ережелерін ескерсек, жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйлықақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

Қоса атқару үшін қосымша ақы нақты жұмыс істелген уақыт үшін жалақының бөлігі болып табылады, сондықтан қоса атқарғаны үшін қосымша ақы орташа жалақының есебіне қосылады.

Осылайша, факультатив сағаттарын, сондай-ақ өзге де сағаттарды жүргізу бойынша қосымша сағаттарды өткізгені үшін төленген сома орташа жалақының есебіне қосылуы тиіс. Орташа жалақы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 бұйрығымен бекітілген  орташа  жалақыны есептеудің Бірыңғай қағидаларымен белгіленген тәртіпте есептеледі.

 

 

32

Азаматтық қызметшілердің еңбек демалыстарына сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері қалай есептеледі?

ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 10-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік  отыз  күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Жұмыс көлемі оқу жүктемесімен айқындалмайтын (директор, әлеуметтік педагог, әдіскер, педагог-психолог және т.б.) білім беру ұйымдарының штаттық қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарының мөлшері базалық лауазымдық айлықақыны тиісті коэффициентке көбейту жолымен айқындалады.

Бірқатар педагогтер үшін ҚР қолданыстағы заңнамасымен еңбекақыны қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде нормативтік оқу жүктемесі белгіленген, сол арқылы айлық жалақы айқындалады (ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 8-бабының 3)-тармақшасы). Олардың жалақысын есептеу үшін тарифтік ставка қолданылады.

ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының 73)-тармақшасына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері.

Дегенмен «лауазымдық айлық» және «тарифтік мөлшерлеме» ұғымдары жалпы мағына бергенмен, бірдей емес.

Лауазымдық айлық – күнтізбелік айда еңбек (лауазымдық) міндеттерін орындағаны үшін қызметкердің еңбекақысының тіркелген мөлшері. ҚР Еңбек кодексінің ережелеріне сәйкес лауазымдық айлық жұмыс істелген уақытқа немесе орындалатын жұмыс көлемінің көбеюіне байланысты тепе-тең өзгертуге келмейді.

Лауазымдық айлық негізінде төленетін қызметкерлер үшін, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс ҚР Еңбек кодексінің 108-б. сәйкес үстеме жұмыс ретінде белгіленіп, бір жарым еседен кем

 

 

 

 

болмайтын мөлшерде ақы төленеді.

Жұмыс көлемінің көбеюі кезінде еңбекақы төлеу теңбе-тең өзгеруі мүмкін және мұғалімнің жалақысы нақты нормаға белгіленген ставка негізінде есептелген жағдайда, үстеме жұмыс ретінде қаралмауы мүмкін.

Оқу-тәрбие процесінде тікелей жұмыс істейтін мұғалімдер  мен кейбір басқа педагогтер үшін мұндай норма жалақының бір тарифтік ставкасына нормативтік оқу жүктемесі болып табылады.

ҚР Еңбек кодексінің нормаларында «тарифтік мөлшерлеме» және

«лауазымдық айлық» ұғымдары әртүрлі мағына береді. Мысалы, кодекстің 1-бабының 1-тармағының 59)-тармақшасы: «негізгі жалақы – тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі... (әрі қарай мәтін бойынша). Немесе, ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағында «Азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу»: «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, егер ҚР заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi».

Тарифтік ставка мұғалімдердің, оқытушылардың, тәрбиешілердің және т.б. жалақысын есептеу механизмінде басты буын болып табылады.

Нормативтік оқу жүктемесі белгіленетін педагогтер үшін

 

 

 

 

лауазымдық айлық, шын мәніде, «айлық жалақы» болып табылады, себебі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы

№191 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне жалақы есептеу Қағидасының 9-т. бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу үшін айлық жалақы қолданылатыны белгіленді.

Педагог қызметкерлердің айлық жалақысы бір айдағы тарифтік ставканы (лауазымдық айлықты) олардың бір аптаға  нақты жүктемесіне көбейту және алынған көбейтіндіні ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңымен белгіленген апталық нормативтік оқу жүктемесіне бөлу жолымен айқындалады. Осылайша, еңбекақы төлеу жүйесімен көзделген қосымша және үстеме ақылар кірмейтін және шын мәнісінде, қызметкердің лауазымдық айлығы болып табылатын жалақының  негізгі бөлігі есептеледі.

Мұндай мәселелерді шешу кезінде сондай-ақ ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 жылғы 6 маусымдағы

«Азаматтық қызметшілерді сауықтыруға арналған жәрдемақыға қатысты» № 06-01-17/3169 хатын басшылыққа алған жөн. Бұл құжаттағы мәлімет төмендегідей: «Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыс саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайына байланысты саралап белгіленеді.

Бұл жерде еңбек көлемі еңбек шамасын құрайды, яғни сараланған жалақы негізі болып табылатын нақты сапаның белгіленген еңбек көлемі.

Мерзімдік еңбекақы төлеу жүйесінде жұмыс істелген уақыт ескеріледі және ақы әрбір нақты қызметкерге оның біліктілігін ескеріп, белгіленген тарифтік ставка немесе лауазымдық айлық негізінде жүзеге

 

 

 

 

асырылады.

Лауазымдық айлық жалақының құрамдық бөлігі болып табылады.

Осыған байланысты, сауықтыруға арналған жәрдемақы әрбір қызметкерге оның еңбек көлеміне, атқаратын лауазымына, орындалатын жұмысына және т.б. байланысты лауазымдық айлық мөлшерінде жеке белгіленеді және төленеді».

Бұл жағдаймен келіспеуге болмайды, себебі бір аптада 9 сағат көлемінде оқу жүктемесі бар мұғалімнің және апталық оқу жүктемесі  27 сағат құрайтын басқа мұғалімнің еңбек шамалары әртүрлі, демек, лауазымдық айлықтары да әртүрлі – қосымша және үстеме ақысыз айлық жалақы.

Сондай-ақ, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 12-бабының 5- тармақшасының 1)-тармақшасына сәйкес ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді.

Осылайша, сауықтыруға арналған жәрдемақы ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған жалақының есебімен есептеледі.

33

Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына пәндерден сабақ беру бойынша қосымша жұмыстары үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Егер, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары еңбек шарты негізінде қоса атқару жағдайымен көлемі 0,5 нормативтік оқу жүктемесінен аспайтын қосымша жұмысты орындаса, онда ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.

ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының 56)-тармақшасына сәйкес жалпы ереже бойынша қоса атқарылатын жұмыс – қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы болып табылады.

 

 

 

 

Егер, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары белгіленген 40 сағаттық жұмыс аптасы шегінде қосымша жұмыс орындаса, онда ақы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы төленбейді.

34

Жеке меншік мектеп мұғалімдері

сауықтыру жәрдемақысы төленетін, 56 күнтізбелік күн демалысын алуға құқылы ма?

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 3), 4) тармақшаларымен педагогтер үшін төмендегі әлеуметтік кепілдіктер белгіленген:

  • ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы;
  • өздеріне кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы.

Көрсетілген әлеуметтік кепілдіктер барлық меншік түріндегі білім беру ұйымдарында қолданылады.

Жоғарыда аталған Заңның 1-бабының 1)-тармақшасында «педагог» ұғымының анықтамасы: педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту, тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 3-бабына сәйкес осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарында,  мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік

кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады.

 

 

 

 

Осылайша, аталған заңнамалық актінің нормаларының күші, заңның өзімен белгіленген оның жеке ережелерін қоспағанда, барлық меншік түріндегі ұйымдарға қолданылады.

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңның 8-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес жекеменшік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уәкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер және жұмыс беруші арасында еңбек шарты жасалып, онда еңбекақы  төлеу шарттары келісіледі.

35

Еңбек демалысының ақысы және сауықтыру жәрдемақысы неше күнде

есептеледі? Еңбек демалысының ақысын келесі айда төлеу заңды ма?

ҚР Еңбек кодексінің 92-бабының 4-тармағына сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

III. ӨЗГЕ СҰРАҚТАР

36

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) Қағидаларының 48-т. сәйкес техникалық және кәсіп туындаған тік, орта білімнен кейінгі,

жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген адамдарға

«педагог-модератор» біліктілік санаты

ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей

Қойылған сұрақта нормативтік құқықтық актінің кері заңды күші туралы сөз болып отыр. ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 43- бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн қатынастарға қолданылмайды.

Нормативтік құқықтық актінің немесе оның бөлімінің кері күші оның өзімен немесе нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу туралы актімен көзделген жағдай, сондай-ақ соңғысы азаматтарға жүктелген міндеттерді жоққа шығарып немесе олардың жағдайын жақсартса, ерекшелік болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192

 

 

 

беріледі. Бірақ, басқарма органдарында мұндай норманың тек 2020 жылғы

бітірушілер үшін жарамды екенін түсіндіріп отыр, осы заңды ма?

бұйрығымен бекітілген педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) Қағидаларының 48-тармағында кері заң күшіне мән беруге сілтеме жоқ. Бұл норма мазмұндары жағынан ынталандыру сипатына ие және білім алушыларды кәсіптік білімді, дағдыны нәтижелі игеруге бағыттайтынын ескеру қажет.

Аталған норма жалпы сипатта емес, құқық жүйесінен қандай да бір жалпы міндеттерді жоққа шығармайды.

Сәйкесінше, 2020 жылдан кейін, яғни Ереже күшіне енген сәттен бастап «үздік» дипломын ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған тұлғаларға қолданылады.

37

Бұқаралық бөлім меңгерушілері және балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық үйінің әдістемелік бөлім меңгерушілері азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізілімінің қай блогына, буыны мен сатысына жатады?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізіліміне сәйкес облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қала, астана балалар мен жасөспірімдер шығармашылық Үйінің бөлім меңгерушілерінің лауазымдары А3 буынының 2 сатысына (Облыстық, республикалық маңызы бар, астана ММ және МҚК бөлім басшысы (меңгерушісі) А3-2) жатады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізіліміне сәйкес аудандық (қалалық), облыстық маңызы бар қалалардың Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық Үйінің бөлім меңгерушілері А3 буынының 3 сатысына (Аудандық (қалалық), облыстық маңызы бар қалалардың ММ және МҚК бөлім басшысы А3-3) жатады.

38

Егер мектепке дейінгі ұйымда барлығы бес

педагог жұмыс жасаса, педагогикалық этика жөніндегі Кеңес құрыла ма?

ҚР   Білім   және   ғылым   министрінің   2020   жылғы   11 мамырдағы

«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» №190 бұйрығының 6-тармағына                       сәйкес   Кеңес   төрағадан, хатшы                       мен       басқа   да               Кеңес

 

 

 

 

мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы және 7 адамнан кем болмауы тиіс (Кеңес хатшысын есептемегенде).

Осыған орай, білім беру ұйымдарында бес педагогтан тұратын Кеңес құрылмайды.

39

Жалпы білім беретін мектептерде (гимназияларда, лицейлерде) логопед

жұмысын орындайтын педагог мамандығы қалай аталады?

Бізге берілген түсіндірулер бойынша, аталған қызметкер МЖМБС сай оқу

жоспары бойынша сабақ бермейді, соған орай оның лауазымы В3 санаты бойынша ақы төленетін «логопед» ретінде

айқындалады делінген.

«Мұғалім-логопед» мамандығы мамандандырылған білім беру ұйымдарының штаттарына енгізіледі.

Жалпы типтегі жалпы білім беретін мектептерде логопедтер жұмыс істейді. Мамандарды жинақтаудың мұндай тәсілі білім саласы қызметкерлерінің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен негізделген.

Жалпы типтегі жалпы білім беретін мектептің біліктілігі жоғары деңгейлі логопеді, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізілімінің В3 буынына жатады.

40

Кімге және қандай жағдайда қолданыстағы біліктілік санаты ұзартылуы мүмкін?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) Қағидаларының 18-тармағына сәйкес біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде, бірақ келесі жағдайларда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады:

  1. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367

 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес педагогтің уақытша еңбекке жарамсыздығы;

  1. жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты демалыста болу;

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болу;
  2. біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысты тоқтату себептеріне қарамастан қайта бастау;
  3. Қазақстан Республикасының шегінде жұмыс орнын ауыстыру;
  4. білімі, еңбек өтілі және біліктілік санатын растайтын құжаттары болған жағдайда жақын және алыс шетелдерден Қазақстан Республикасына келген адамдардың педагогикалық қызметті жүзеге асыруы;
  5. білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысу.

41

Балабақшалардағы көптеген

тәрбиешілердің бейіні бойынша білімдері жоқ. Олар біліктіліктерін арттыру мақсатында аттестаттауға жіберіле ме?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) Қағидаларының 38-т. сәйкес бейініне сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.

42

Неге арнайы ұйымдар тәрбиешілері азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізлімінің В3 буынына, ал мұғалімдер мен басқа педагогтер В2 буынына жатады?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары Тізілімімен, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, біліктілігі жоғары  деңгейлі педагогтар, педагог-психологтар лауазымдары В2 блогына, 1-4 сатысына жатады. Біліктілігі жоғары деңгейлі тәрбиешілер В3 блогының      1-4      сатысына      жатады.      Тізілімдемеде   көрсетілген

лауазымдары орналастыруға қарап,  тәрбиешілердің  жалақысын есептеу    кезінде,    азаматтық    қызметшілерге,    мемлекеттік  бюджет

 

 

 

 

қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықтарын есептеу үшін мәні бойынша аз коэффициент қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен бекітілген арнайы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесі қызметкерлердің әрбір жеке топтары мен санаттары бойынша жалақы шамасын дифференциялау, есептеу және реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жиынтықта өзара байланысты ережелер мен нормалар кешенінен тұрады. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбек процесін ұйымдастыру мен оның өту күрделілігі деңгейін, сондай-ақ қызметкердің білім деңгейі, біліктілігінің, тәжірибесі мен өтілінің өндірістің дәрежесі сияқты маңызды еңбек сипаттамаларын ескеруді талап етеді.

Осы принциптер мен талаптар білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының Тізіліміне негіз болды.

Оқу бағдарламаларын іске асыратын педагогтар, басқа санаттағы қызметкерлерге қарағанда уақыттарын айтарлықтай көп бөлігін сабаққа дайындалуға жұмсайтыны анық. Олардың міндетіне: күнтізбелік және сабақтық жоспарларды әзірлеу, дидактикалық материалдарды дайындау, оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, өткізілетін сабақ тақырыбы бойынша жаңа ақпарат іздеу және т.б. жатады. Сабақ беру барысында мұғалімдер, оқытушылар психоэмоционалдық жайтты бастарынан өткереді. Сабақ берумен қатар, оларға білім алушыларды

тәрбилеу жөнінде міндеттер жүктеледі. Жалпы орта білім беру

 

 

Просмотров: 1316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст