19.06.2026
Бүгінгі күн мейірімділік, достық және өзара көмек рухында өтті. Балалар «Жылы сөздер шеңбері» іс-шарасына белсене қатысып, бір-біріне шынайы тілектерін айтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кейін «Бірге біз күшпіз» эстафетасында ұйымшылдықтарын, татулықтарын және командалық рухтарын көрсетті. 🤝🏃♀️
Қызықты әрі танымдық өткен «Көңілді тапсырмалар» атты қазақ тілі сабағында балалар түрлі тапсырмалар орындап, білімдерін толықтырды. Ал түстен кейін достық туралы кино көріп, «Ертегілер әлеміндегі қызықты оқиғалар» атты әдеби круизге қатысып, сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмалар орындады. 📚✨
Күн жарқын әсерлерге толы болып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа білім және ұмытылмас естеліктер сыйлады! 💙🌈