ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясы» КММ мектепалды даярлық сыныбына құжаттарды қабылдауды бастады.
Мектепалды даярлық сыныбына 5 жастан бастап балалар қабылданады.
Мектепалды даярлық сыныбына қабылдау туралы өтінішті тек қағаз түрінде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (мектептегі) арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
* Ата-анасының (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
* 065/ж нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
* 2 фотосурет, өлшемі 3х4.
* Мөлдір көк файл папкасы. (20 файл)
* Жеке іс Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Тізімге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтінішіңіз қабылданбайды.
Барлық сұрақтар бойынша 2-18-56 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Құжаттар көрсетілетін қызметті берушіден (мектепте) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады.