"Адал Ұрпақ" секциясы
1 Осы заңның мақсаты мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімі қалыптасқан
жауапты, бастамашыл, әлеуметтік сауатты азаматты, патриотты қалыптастыруға және
дамытуға жағдай жасау болып табылады.
2 Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды
іске асыру;
2) білім алушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту;
3) саяси-құқықтық білімді қалыптастыру;
4) білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен сананың
адамгершілік-этикалық құндылығының негіздерін қалыптастыру;
3 Кешенді іс-шараларды жүргізу кезінде тәрбиенің мынадай түрлері қолданылады:
1) әрбір оқушыны адамгершілікке тәрбиелеу моральдық-әдептілікке, сыбайлас
жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекеттің құқықтары мен міндеттері туралы
білімге сендіруге, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігінің мәні арасындағы өзара
байланысты түсінуге, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігін түсінуге
бағытталған;
1."Адал Ұрпақ" мектеп секцияларының негізгі міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы
дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени ортада бастамаларды
ұйымдастыру және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру
болып табылады.
2 "Адал Ұрпақ" секциялары келесі сипатта болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
ақпараттық және шығармашылық жұмыс; мәдени-бұқаралық іс-шаралар.
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясының қызмет аясы: дәрістер, " дөңгелек
үстелдер" және басқа да ағартушылық іс-шаралар.
2.2. Секцияның қызмет аясы ақпараттық және шығармашылық болып табылады:
байқаулардың ақпараттық-шығармашылық іс-шараларын, үздік бейнероликтерді,
сызбаларды, шығармаларды ұйымдастыруға қатысады.
2.3. Секцияның қызмет аясы мәдени-бұқаралық іс-шаралар: мәдени-бұқаралық іс-
шараларға, акцияларға, флэш-мобтарға, диалог алаңдарына, кездесулерге, қоғамдық,
ардагерлер ұйымдарына, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға және секциялар бойынша
басқа да әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысады.