Текст
2019-2020 оқу жылында ХХІ республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Жылкайдарова Жансая қатысып, жүлделі І орынды қанжығасына байлап, облыстық кезеңінде аталған номинацияның ІІІ орын жүлдегері атанды. Жансая облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сыйлық ретінде ұйымдастыру алқасы «Абайдың қара сөздері» кітабын тарту етті. Жансаяны дайындаған ұстазы: Ахметжанова Куаныш Кайрулловна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.