"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение«Школа-гимназия города  Макинск отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде:

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіл - халық қазынасы"

14.09.2020

                                                  "Тіл - халық қазынасы"

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы.

Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек,  Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші  өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».  Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

"Адамға екі нәрсе тірек тегі:бірі-тіл,бірі ділің жүректегі!"деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің ,елдің ұраны ретінде өз тілі бар.

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай ,мектебімізде іс-шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылды.Аталған мерекеге орай,мектеп оқушылары қашықтықтан іс-шараларға жаппай ат салысуда.Салтанатты ашу салтанаты, Ұлы Абайдың 175 жылдығына мәнерлеп оқу сайысы, "Тіл-адам баласының ең қажетті құралы" тіл туралы челледж,"Бала тілі- бал" бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайыстары өтіп жатыр.Әлі де алда жоспарланған іс-шаралар өтіледі.

 

 

 

 

 

Нурабаева Д.Т. – учитель казахского языка и литературы, ЗДВР

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст