Қашықтан оқу форматына көшу
Төтенше жағдайға байланысты 6 сәуірден бастап барлық мектептер қашықтан оқу форматынакөшті. Алдында оқушылар мен ата-аналарда және мұғалімдерде қорқыныш сезім пайда болды. Бірақ оқыту сапасын арттыру және мұғалімдерге қолдаукөрсету мақсатында телебағдарлама кестесіне сәйкес «Балапан» мен «Ел арна» телеарнасынан бейнесабақ көрсетілді. Жоғары сынып оқушылары «Bilimland», «Zoom», «Күнделік» интернет платформалары арқылы онлайн сабақтарғақатысты. Мектеп мұғалімдері де кәсіби шеберлігінтаныта білді- өздері бейнесабақ түсіріп, цифрлық ресурстарды қолданып, WhatsApp желісі арқылы тапсырмалар беріп жиынтық бағалау өткізді. Тоқсандық қорытынды бойынша үлгерімдеңгейінің көтерілуі оқушылардың ақпараттық- коммуникациялық технологияларды жетік меңгергенін және цифрлік сауаттылығын көрсетеді. Мухамадиева А.К.