Текст
06.06.2023
Бүгін 06.06.2023 "Достық" мектепалды лагерінде "Арман" аула клубының базасында "Мемлекеттік рәміздер" күні өткізілді. Күн жаттығудан басталды. Осыдан кейін балалар отрядтарға бөлініп, өз командасына атау, ұран, эмблема ойлап тапты. "Мемлекетіміздің рәміздері" викторинасы өткізілді. Күн соңында балалар еліміздің рәміздерінің суреттерін салды. Балалар тәртіп орнатып, керемет көңіл-күймен үйлеріне қайтты.
