Мектептегі букроссинг
"Рухани жаңғыру" Бағдарламасының, "Кітап-білім бұлағы" бағыты бойынша, мектеп-гимназиясында «Оқысаң-басқаларға бер» қағидаты бойынша мектеп букроссингі бастауын жалғастыруда.
Мектептің фойесінде жоғары сынып оқушыларына арналған «Біз оқыдық- сен оқы» атауымен бұрыш ұйымдастырылды: бұл бұрышта қызықты кітаптар, түрлі-түсті журналдар қойылған.
Букроссинг мәні: кітап оқылғаннан кейін, оқушылар оны бұрышқа,яғни көзге көрінетін жерге қалдырады, басқа оқушылар бұл кітапты көріп, алады, оқиды, басқасына береді, сондықтан мектеп-гимназиясында кітап айналымы жүреді, яғни мектеп үлкен кітапханаға айналады.
Мектептің фойесінде бастауыш сынып оқушылары үшін «Осы оқиғалар туралы,қызығушылықпен және құлшыныспен оқы» атты екі оқу аймағы ұйымдастырылған. Үзілісте бастауыш сынып оқушылары көркем суреттелген кітаптар мен журналдарды зор ынтамен оқиды.
Мектеп- гимназиясының оқушылары оқулыққа екінші өмір сыйлау арқылы, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру мақсатында, буккроссинг- акциясына белсенді қатысады.
"Мектеп-гимназиясының"КММ Кітапхана меңгерушісі Конькова О.Н.