Макинск қаласы
мектеп-гимназиясының «БІРЛЕСТІК» атты шағын мектепішілік асссамблеясы туралы
Бірлестік шағын мектепішілік
ассамблеясының ұраны: «Әрқашан алға, армандарға қол соза!» Ассамблея мүшесінеәр сыныптың көшбасшылары кіреді. Оқу жылының басында жоспар құрылып, жоспарланған іс-шаралар өткізіледі. Мектепте әр ұлттың балалары білім алуда:
Аталмыш ассамблея жұмысы Ақмола ассамблеясы, ата-аналар қауымдастығы, «мектеп-гимназия» КММ
әкімшілігі, Бұланды ауданының халық ассамблеясы, аудандық мәдениет үйі,
«Сердало» би ұжымы, «Благовест» казактар вокал тобы, Бұланды ауданының өлкетану
мұражайы, жоғары сыныптар кеңесі, «Бірлестік» мектепішілік балалар ұйымы,
кітапхана, БАҚ, мектеп-гимназия сайты арқылы жүзеге асады.
Ассамблея жұмысының негізгі бағыттары: әр халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білуді ұйымдастыру, әр халықтың өнері жайлы көрме жасау, шығармашыл топтар ұйымдастыру (әр халықтың ұлттық дәстүрін, әнін, биін білу мен көрсету мақсатында), әр елдің мәдени этносын насихаттау, ақпарат алмастыру, ғаламтор арқылы шетелге кеткен ҚР азаматтарымен хат алмасу.
Ассамблея кабинетінде жоспарланған бойынша дөңгелек үстелдер өтіп отырады. Тарих сабақтарында
ассамблеяға саяхат та өткізіліп тұрады.
1 наурызда жыл сайын мектепішілік үлкен іс-шара өткізіледі. Әр сынып өздерінің таңдаған ұлты
бойынша салт-дәстүрін, әнін , биін, шығу тарихын көрсетеді.
Осылайша бір шаңырақтың астында бақытты өмір сүрудеміз!