Текст
21.02.2018 жылы
қаламыздың № 3 ОМ аудандық «Тіл дарыны-2018»
8-11 сыныптар аралығында үш тілділікке арналған ауқымды іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға мектебіміздің 8-сынып оқушысы Штеттингер Дарья, 9-сынып
оқушысы Мустафина Нұрай, 10-сынып
оқушысы Адамбекова Аяжан,
11-сынып
оқушысы Левченко Алина қатысып,
мектебіміздің абыройын биікке асқақтатты. Оқушыларымыз үш тілде мақал-мәтелдер,
өлеңдер, жаңылтпаштар, мәтіндер, ертегілер
құрап, мәдениеттану, салт-дәстүр
және әдет-ғұрып бойынша сұрақтарға жауап берді. Аяжан мен Алина жүлделі ІІ
орындарға ие болса, Нұрай мен Дарья І орындарға ие болып, облыстық деңгейде өтетін іс-шараға жолдама алды. Нұрай
мен Дарьяға сәттілік тілейміз, биіктен
көріне беріңдер!