"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение«Школа-гимназия города  Макинск отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде:

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері айқындау туралы

22.07.2022

«Орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023  оқу  жылының басталуын,  ұзақтығын  және каникул кезеңдерін айқындау туралы»     «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2022 - 2023 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын: 1) 2022 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек; 2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы; 3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында), көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында); 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында). 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     Лауазымы   Аты-жөні  

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст