"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение«Школа-гимназия города  Макинск отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде:

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестаттау және біліктілік санаттарын беру рәсімін өткізу, 2022 жылы білім беру ұйымдары педагогтерінің ұлттық біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы

29.04.2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25208 тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) БҰЙЫРАМЫН:

1. Аттестаттауды өткізу және біліктілік санаттарын беру рәсімдерінің мерзімдері 2022 жылғы 11 сәуір мен 25 тамыз аралығы, 26 қыркүйек пен 25 желтоқсан аралығы болып анықталсын.

2. Қағидалардың 17-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) Ұлттық біліктілік тестілеуін (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) өткізуді жүзеге асырсын.

3. Ұлттық тестілеу орталығы карантиндік шараларды ескере және санитарлық қауіпсіздікті сақтай отырып «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі әріптестігімен (бұдан әрі - «U-FUTURE» ЖШС) («Өңірлік тестілеу орталығы және педагогикалық құзыреттілік» жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік 2019 жылғы 16 қазандағы № 2 шарт негізінде) бірлесіп 2022 жылғы 11 мен 29 сәуір, 1 мен 29 шілде, 1 мен 30 қараша аралығындағы мерзімде Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізсін.

4. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Біліктілік тестілеуін  өткізу пункттерінің тізімі;

2)  осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия құрамы;

3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тестілеу өткізу кезінде тестілеу администраторлары мен бақылаушылардың тізімі;

4)  осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бейіндік пәндер тізімі;

5)  осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес эссе тақырыптары.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті (Г.Г. Джусупова) Біліктілік тестілеуі  жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін және жүйені  алдын ала тексеру жұмыстарына жауапты деп белгіленсін:

6. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы (Р.Б. Қайсабаев) Біліктілік тестілеуін өткізу кезеңінде осалдыққа және Біліктілік тестілеуін жүйесінің жұмысына араласу мүмкіндігіне тексерісті жүзеге асырсын.

7. Ұлттық тестілеу орталығы (Р.Т. Емелбаев):

1) Біліктілік тестілеуін өткізу бойынша нұсқаулық пен тест тапсырмаларының базасын дайындасын;

2) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларын онлайн-режимде өтініштер қабылдаумен байланысты педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін презентациямен және нұсқаулықпен қамтамасыз етсін;

3) филиал қызметкерлері қатарынан тестілеу әкімшілерін Біліктілік тестілеу өткізу пункттеріне тарату мен жөнелтуді ұйымдастырсын;

4) Біліктілік тестілеу өткізу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етсін;

5) педагогтердің өтініштерін тіркеу үшін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін, 25 қыркүйекке дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

6) өтініштерді 2022 жылдың 6 сәуірінен, 25 маусымынан, 26 қыркүйегінен бастап онлайн-режимде қабылдауды ұйымдастырсын

7) өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетіне (бұдан әрі – МДОБК) ұсынсын;

8) Біліктілік тестілеуін  ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін, сондай-ақ пелляциялық рәсімдерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу және беру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

9) 2022 жылғы 5 сәуірге, 1 шілдеге, 1 қазанға дейінгі мерзімде Біліктілік тестілеуін  өткізу кестесін жасасын және МДОБК-ге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментіне (бұдан әрі – ТКБД) ұсынсын;

10) Біліктілік тестілеуі  процесін бақылауды жүзеге асыру және шешімдерді жедел қабылдау мақсатында ұйымдастырылған Ұлттық тестілеу орталығы жанындағы ахуалдық орталықтың жұмысын қамтамасыз етсін;

11) Біліктілік тестілеуі аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Біліктілік тестілеуі нәтижелері бойынша қорытынды есеп пен статистикалық деректерді (апелляцияны ескере отырып) МОБК, ТКБД, ЖЖБД-ге ұсынсын;

12) Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзғаны үшін педагогтермен олардың дербес жауапкершілігіне қатысты келісім дайындап, жасауды қамтамасыз етсін;

13) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын 2022 жылғы 18 сәуір мен 12 мамыр, 11 шілде мен 5 тамыз, 10 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ұйымдастырсын;

14) тестілеу аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініштерді қарау және шешім қабылдау үшін қабылдауды ұйымдастыру;     

15) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Республикалық апелляциялық комиссияның жұмыс қорытындыларын МДОБК-ге, ТКБД-не ұсынсын.

8. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі бір жылға жарамды деп есептелсін.

9. Эссе жазуға кететін жалпы уақытты 60 минут болып айқындалсын.

10. Еңбек өтілі жоқ, техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша үміткерлердің Біліктілік тестілеуден өту үшін педагогикалық қызметке алғаш рет кірісетін тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастырсын.

11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде бақылауды қамтамасыз етсін:

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етудің аумақтық департаменттері өкілдерінің кезекшілік кестесін жасасын;

педагогтердің Біліктілік тестілеуін тапсыру және іске қосу кезінде білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етсін;

Қағиданың 28, 29, 32-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсін;

бейнебақылау камералары істен шыққан жағдайда тестіленуші педагогтердің аудиториясына қолжетімділігін қамтамасыз етсін.

12. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананыңбілім басқармалары:

1) білім беру ұйымдары педагогтерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін 2022 жылғы 25 мамыр мен 25 тамыз, 5 қараша мен 25 желтоқсан аралығында аттестаттаудың екінші кезеңі шеңберінде біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;

2) Қағидалардың 56, 57-тармақтарына сәйкес 2022 жылғы 16 мен 20 мамыр, 1 мен 5 тамыз, 5 мен 9 желтоқсан аралығында білім беру ұйымының

базасында аттестаттаудан өтетін педагогтердің құжаттарына біліктілік бағалауды өткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етсін;

3) Аттестациялық комиссиясының жұмысы қатаң бақылауға алынсын;

4) педагогтермен Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде ережелерді бұзғаны үшін олардың дербес жауапкершілігіне қатысты Келісім жасасу туралы педагогтер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін;

5) педагогтердің портфолиосын электрондық форматта беру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етсін.

13. Біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда бейіні бойынша емес педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санатын беру қарастырсын.

14. «U-FUTURE» ЖШС (О.Х. Құспеков) (келісім бойынша):

1) Біліктілік тестілеуін өткізу процесінің бейнежазбасына Ұлттық тестілеу орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етсін;

2) компьютерлер мен интернет байланысының үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз етсін;

3) Біліктілік тестілеуді жүргізу кезінде ұялы байланыс сигналдарын басқыштармен, бейнебақылау камераларымен, металл іздегіштермен және бетті тану жүйесімен қамтамасыз етсін;

4) Біліктілік тестілеудің процесінің бейнежазбасын қамтамасыз етсін;

5) бейне жазбаларды сапасын жоғалтпай бейнебақылау камераларынан, тестілеу процесіне тартылған аймақтарда орнатылған камералардан (кіру тобы, тестілеу залдары) сақтауды қамтамасыз етсін, бейнежазбаларды U-Study серверінде (деректерді сақтау жүйесі) 1 жыл бойы U-Study өңірлік тестілеу орталықтарының Біліктілік тестілеуді өткізу пункттерінде күн сайын беруді (көшіруді) қамтамасыз етуге міндеттелсін;

6) Біліктілік тестілеуін өткізу үшін мынадай шарттар мен шараларды:

Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде пайдаланылатын өңірлік тестілеу орталықтарының ғимараттарының санитарлық-гигиеналық нормаларына сәйкестігін;

өңірлерде орналасқан тестілеу өткізу пункттерінде педагогтердің өмірі мен денсаулығын сақтау шарттарын;

Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде педагогтер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз етсін;

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24082 болып тіркелген) сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беру, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алу құрылғыларын пайдалануды ұйымдастырсын;

әрбір қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатсын;

ылғалды тазалауды үнемі жүргізсін;

кварцтау, аудиторияларды желдету режимін, санитарлық-дезинфекциялау режимін қатаң сақтасын;

тестіленушілерді 3 дана А4 форматындағы қағазбен қамтамасыз етсін;

тестілеу кезінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп тестілеу басталғанға дейін ғимараттың терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді ұйымдастырсын;

тестілеу өткізілетін аудиторияларды мобильді және стационарлық интернетпен, түрлі үлгідегі және әсер ету радиусы бар спутниктік сигнал беретін құрылғылармен қамтамасыз етсін;

тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырсын;

Ұлттық тестілеу орталығына 2019 және 2020 жылдардағы Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша педагогтердің толық тізімін ұсынсын.

15. Біліктілік тестілеуін ақпараттық жүйесінің жұмысын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Б. Ильясовқа жүктелсін.

16. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Бірінші вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

17. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

   Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі                                                   А. Аймағамбетов

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст