Макинск қаласы мектеп-гимназиясында 03.04.2019 ж. Жыл сайын өтетін аудандық ХХ Абай және Х Махамбет оқулары өтті. Аталған іс-шараға ауданымыздың түпкір-түкпірінен дарынды оқушылар келіп, Абай мен Махамбет жырларын жатқа айтудан, әндерін шырқаудан және өз төл туындыларын оқудан бәсекеге түсті. Аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттарға ие болды. Біздің мектеп оқушылары да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Махамбет оқуларында "Ұлы арман" аталымы бойынша 11 "Ә" сынып оқушысы Еркінова Камила 1 орынды иеленсе, ал "Ер құтқарар ер едім..." аталымынан 8 "Ә" сынып оқушысы Мырзабекова Дина - 2 орынды иеленді. Абай оқулары бойынша "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" аталымы бойынша өз туындыларын ұсынған 11 "Ә" сынып оқушысы Бердибеков Дулат 2 орынды қанжығасына байлап , мектебіміздің, мұғалімдерінің үмітін ақтады