"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение«Школа-гимназия города  Макинск отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде:

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің есебі.

22.02.2019

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің есебі.
1. 02 -12.02. 2019 ж.
Қазақстанымыздың мәдени және тарихи мұраны жақсы білетін ,салт-дәстүрлерді біліп, бағалайтын, туған жерін жақсы көретін , елі үшін жұмыс істейтін, осы қоғамның лайықты мүшесі бола алатын, өз елінің патриоты болуға дайын азамат тәрбиелеу бүгінгі күні әрбір педагогтың мәселесіне айналып отыр. Көптеген жағдайда өзін өзі тану пәні жақсы ықпал етеді.1 ақпаннан 12 ақпан аралығында «Макинск қаласының мектеп- гимназиясы» КММ-да өзін-өзі тану онкүндігі өтті. 
01. 02. 2019 ж бірінші күні «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік  пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуынан басталды. Құттықтау сөзімен  «Өзін-өзі тану» пәнінің жетекшісі О.М. Шиленко және тәрбие ісінің орынбасары Д.Т. Нұрабаева сөз сөйлеп, құттықтады. 0-11 сынып оқушылары өлеңдер мен әндер дайындап, онкүндіктің жоспарымен танысты. Салтанатты жиын дәстүрлі « Жүректен Жүрекке Шеңберімен»  аяқталды. 
4 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне  «Өзін-өзі тану» моральдық-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның іс-шараларына арналған көрме ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Конькова О.Н. 2-11 сынып оқушыларын мейірімділік , әділдік, сүйіспеншілік туралы кітаптармен таныстырып , оған қоса педагог- ойшылдардың кітаптарымен қазақстандық, әлемдік ойшылдардың кітаптарымен таныстырды. Мектеп-гимназиясының оқушылары "Мейірімділік жер бетін шарлайды" атты флеш-моб ұйымдастырды. 11 ақпан күні өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Туржан М.Б. және Азанова А.М. «Отбасындағы бейбітшілік» және «Отбасы татулығы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Өткізілген сабақтар оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтарға, бейбітшілік, ізгілік, махаббат, өзара түсіністікке шақырды. Сабақтардың негізгі мақсаты: кешіру, жанашырлық, сенімділік құндылықтарына жетелеуге  бағытталған. Оқушылар «Отбасы бақытының рецепті», «Бақытты отбасы үшін ережелер жиынтығы» жобаларын ұсынды. Сабақтың соңында «Менің қуанышым» әні орындалды. 
 12 ақпан күні 5-6 сынып оқушыларының арасында «Өз жүрегіңді жақсылыққа үйрет» атты ән фестивалі өтті. Бастауыш сыныптарында аналар туралы, мейірімділік, бейбітшілік пен достық туралы суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесі, сондай-ақ «Досына ашықхат» конкурсы ұйымдастырылды. 8 сынып оқушылары арасында Шиленко О.М және Азанова А.М. «Хрустальный родник духовности» тақырыбында эссе байқауын өткізді. 9-11 сынып оқушылары арасында моральдық, мейірімділік пен патриотизм туралы пікірсайыстар өтті. Балалар белсенділіктерін танытып, әр бала өзінің даралығын көрсетті және мадақтау қағаздарымен марапатталды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері « Сенің жаныңның мейірімділігі» ұранымен бірінші сабақтарды өткізді.Іс-шаралардың мақсаты балалар мен жасөспірімдерді моральдық және рухани құндылықтарға адамгершілікке тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, бұл күні онкүндіктің жабылуы мен қорытындылау болды. Іс-шараларды жоғары деңгейде дайындағандары үшін, әс-шараларға белсенді қатысқандары үшін оқушылар және мұғалімдер марапаттау қағаздармен және дипломдармен марапатталды.

Просмотров: 941


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст