Қоғамдық-гуманитарлық циклдің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдерімен өткізілген ағылшын, неміс, орыс тілі мен әдебиеті онкүндігінің өткізілуі туралы есеп (15.01-25.01.2019)
Орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын,неміс тілі онкүндігінің ашылуы 15.01.2019 жылдың жоспарымен сәйкес өткізілді.
Онкүндіктің өткізілу мақсаты:
а) сабақта,сыныптан тыс уақытта орыс тілін үйренуге деген оқушы-лардың қызығушылықтарын арттыру
б) Ұлыбритания мен Германияның салт-дәстүрлерімен,заманауи мәдениет пен музыканың ,тілдің лингвистикалық ерекшеліктерімен танысу
в) ағылшын,неміс тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арт-тыру,үйренетін тілдердің елдерінің мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.
XXI ғасырға әлемді біріктіретін ақпараттық –технологияның жүйесі, әлем қоғамдастығының саяси өмірі, мәдениеті экономикалық жаһандану тән. Ха-лықаралық ынтымақтастықтың негізгі жүргізушілері ретінде шет тілдері қызмет етеді.Тілді үйренуге деген қажеттілік әлем бойынша өсті.Тіл-барлық адамзаттың басты құндылықтарының бірі. Ол ежелден пайда болған.Тіл адамдардың бір-бірімен білім,тәжірибе алмасуына, бірігіп еңбектенуіне негіз болған қатынас құралы. Біздің ата-бабаларымыз ұрпақтан и-ұрпаққа жал-ғастырып ,құрметтеп келе жатқан мұраның бірі .Тіл сонымен қатар адамға берілген сый.Тіл-адамдардың қарым-қатынас құралы.Тіл арқылы балалық шақтағы қуанышты, қызықты сәттерді еске алып, жеткізе аламыз. Кез келген мемлекеттің азаматы- ең алдымен, өз ата-бабаларының мәдени мұрасын ба-ғалаушы, білуші жан.Тіл әрбір ұлттың жаны,мәдени мұрасы. Біздің Ота-нымыз - көпұлтты мемлекет. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын, неміс тілі ұстаздары тілді үйренудің маңыздылығы, әрбір адам өміріндегі қызметі мен ерекшелігі туралы айтып өтті. Мектеп кітапханашысы Конькова О.Н. тақырыпқа сай әдебиеттер қо-йылған "Тіл-әр халықтың байлығы"атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Ағылшын тілінің мұғалімі Писаренко Г.Ф. 9 сыныпқа «Do you know your native country?» атты викторина өткізді.Мұғалім Сарбасова Д.Д. 7 «Ә» сыны-бына «English around us» деп аталатын сыныптан тыс жұмыс жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты ағылшын тілін білетіндер үшін ойындық жағдаяттар көрсету.Басты міндет оқушылардың тілге деген танымдық қызы-ғушылықтарын көтеру, ойындар қолдану, шетел тілдерін естіп, ауызша дағ-дыларын қалыптастыру, жадыларын, назарын аударуды дамыту,топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, басқа елдің мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Курмашева Н.К. 6 «А» сыныбына «Ordering food »тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін қол-данды, оқушылар топта жұмыс істеді. Сабақ ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыруға бағытталғану болып табылады.
Мұғалім Говоркова Н.А. 10сыныпқа «Әйел-табиғаттың ұлы жараты-лысы» тақырыбына (орыс классиктерінің шығармалары бойынша) дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның басында мұғалім барлық қатысушыларды пози-тивке шақырды. Оқушылар әйел туралы әр түрлі ақпараттар ұсынды, әйел туралы аңыздар айтты, «Қазіргі заманда әйел қандай орын алады?», «Әйел сұлулығы қандай болады?» мен «Ер сұлулығы қандай болады?» сұрақтарына жауап беріп, әйел затына мінездеме берді. Оқушылар «Шығармашылық қайраткер» бөлімінің қызықты тапсырмаларына белсенді жауап берді. Дөңгелек үстел Қазақстанның әскери, музыка, спорт саласындағы ұлы әйелдері туралы әңгімесімен аяқталды.
Мектептің 1-4 сыныптарының ағылшын тілі мұғалімдері Арингазина Д.К. Абдулова К. мен Каландарова Н.Ш. интербелсенді үзілістер жүргізді. Интербелсенді ойындар ағылшын тілі сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда қолдануға арналған. Мұғалімдер интербелсенді ойындардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін тексеріп, ағылшын халқының мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын арттырады алды.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Мамаева С.В. 21.01.2019ж. 8 «Б» сыны-бына «Жануарлардың ғажайып әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткіз-ді. Сабақтың мақсаты: орыс тілінің ерекшеліктерімен таныстыру, орыс тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мұғалім сабақта жұмыстың интербелсенді түрлерін қолданды. Оқушылар белсенді түрде сұрақтарға жауап берді.
Онкүндік кезінде ағылшын тілі мұғалімдері қабырға газетін дайындап, оны ілді.( мектептің үшінші қабатында).
Орыс тілі, ағылшын тілі бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді. Жақсы нәтиже көрсетіп,орын алған оқушылар грамоталармен марапатталды.
7сыныптар аралығында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Оқушылар орыс тілі туралы тақпақтар дайындады.Мәнерлеп оқуды бағалаудың критерийлері: даралық, эмоционалдық, әртістік қабілеттердің болуы. Критерийлерге сай келген қатысушылар жүлделі орындарға ие болды.
Орыс тілі мұғалімі Кабдуллина Р.К. қазақ тілінде оқитын оқушыларға орыс тілі туралы айтты. Тіл-адамдардың қарым-қатынас құралы, Қазақстан - көпұлтты мемлекет және біздің елде тұратын әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтып өтті.
Онкүндік аясында неміс тілі мұғалімі Артемьева Г.А 9-11сыныптар ара-лығындағы оқушыларға әлемдегі неміс тілінің ролі жөнінде әңгіме жүргізді.Неміс тілі- бұл халықаралық дәрежедегі тіл. Әлемдегі неміс тілінде сөйлейтін халықтардың саны жағынан да жоғарғы орында.Ол әлем бойынша ондаған кеңінен таралған тілдердің қатарына кіреді.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Королюк Н.И. 10«А» сыныбында орыс тілінен «Орыс мәдениетінің ең жақсы білгірі» тақырыбына викторина өткізді. Оқушылар орыс тілінен жақсы білімдерін көрсетіп,сұрақтарға белсенді жауап берді.Көзге түскен қатысушылар грамотамен марапатталды. Ағылшын тілі мұғалімі Писаренко Г.Ф. 9-11сыныптарда елтану бойынша сырттай викторина өткізді. Қызықты, танымды викторина ағылшын тілінің білім сапасын көтеруге ықпалын тигізді.
Мұғалімдер Говоркова Н.А. мен Азизова А.В. оқушыларға «Батрак» пен «Алдар Көсе» ертегілерінің қойылымын қойғызды. 5сынып оқушылары ертегілердің мағынасын ашып, басты кейіпкерлердің өмірлерін өте қызықты, танымды етіп,көрсете білді.
Азизова А.В.5 «Б» сыныбына «Сөздердің сиқырлы әлемі»тақырыбында ашық сабақ өткізді,оқушыларға сабақ әр түрлі тапсырмаларымен қызықты болды,мұғалім сабақта интербелсенді тәсілдерді қолданды.
Мұғалімдер Королюк Н.И. пен Писаренко Г.Ф.онкүндік көлемінде 24 желтоқсан күні 11 «А» сынып оқушыларына «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мәдениет қызметкерлері, БАҚ-ның шақырылуымен «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын дискуссиялы ТED X-алаңын өткізді.
Аталған іс-шараға Нұр Отан төрағасының бірінші орынбасары Алимбетова А.А., кеңес ардагерінің мүшесі Палаткин Н.Г., Жастар Ресурсы орталығының маманы Заманбек Ш., Аудандық Үлгілі кітапханасының мамандары Сулайманова А.И. мен Капизина А.К., келді. Қатысушы оқушылар Елбасы мақаласын белсенді талқылады. (іс-шара «Бұланды ақпараты» БАҚ-да жарияланды).
Барлық жоспарланған іс-шаралар жүзеге асты.
ҚГБ ӘБ басшысы Джолтаева Н.К.