2019 жылдың 31 қаңтарында «Макинск қаласының мектеп-гимназиясы» КММ АІІБ және АББ өкілдерімен әңгіме жүргізілді. Оқушылар алдында полиция капитаны Дятлов Александр Валерьевич сөз сөйледі. Ол жақында бірқатар облыстарда қатыгез топтармен болған оқиғалар, ұрып-соғу және кәмелетке толмағандарды мазақ ету оқиғалары жиі болып жатқанын және олардың әлеуметтік желілерде таралуымен бірге бейнетаспаға түсірілуінің жиі кездесетінін атап өтті. Александр Валерьевич заңдар мен мінез-құлық ережелерін бұзған оқушыларды не күтетінін, жасөспірімдер теріс әрекеттер жасай отырып, өздері туралы ғана емес, ата-аналары туралы да ойлау керектігін түсіндірді, өйткені олар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ретінде айыппұл немесе тіпті ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екендігін баса айтты. Күн тәртібі және кәмелетке толмағандардың мінез-құлық тәртібі туралы ережелерге тоқталып өтті. Әңгіме сенімділік қатынаста өтті, балалар сұрақтар қойып, сол сұрақтарға олар толық жауап алды.