18.06.2021г.
Бүгін «Достық» лагерінде «Сыпайылық күні». Маусымды жабу. Жоспар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді.
18. 06 «Сыпайылық күні». Маусымды жабу
1. Таңғы жаттығулар
2. Таза ауа ойындары
3. Викторина: «Кім? Қашан? Қайда?»
4. «Қош бол лагерь» лагердің жабылуы
Күн барлық балаларға ұнайтын таңғы жаттығудан басталды. Тәрбиешілер балаларды үш топқа бөлді. «Күншуақ» тобы мультфильм тамашалады, «Жеңілмейтіндер» мектеп алаңына барып, қимыл-қозғалыс ойындар ойнады, ал «Комета» тобы мерекелік концертке арналған флешмоб үйренді. Содан кейін дене шынықтыру мұғалімі Сухова Е.О. балалармен «Арқан тарту» ойының өткізді. Бұл ойынға балалар өте белсене қатысты. Бекпаева З.К. «Кім? Қашан? Қайда» атты викторина өткізді. Викторина өте қызықты өтті, балалар әртүрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Түскі астан кейін балалар лагердің жабылуына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Соңында барлық балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.