Текст
20.10.2025
8 «Ә» сыныбының оқушыларымен «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
📌 Сынып сағатының мақсаты:
Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолын, Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндіру;
Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға баулу;
Тарихи сананы қалыптастыру, тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің қалыптасу кезеңдері, Республика күнінің тарихы және Қазақстанның даму жолындағы маңызды жетістіктерімен танысты. Сабақ патриоттық рухта өтіп, оқушыларда Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.