Текст
21.04.- «Сиқыршылар күні».
Бастауыш сынып онкүндігінің жоспары бойынша 1-2 сынып оқушылар арасында «Кішкентай сиқыршылар» суреттер сайысы өтті. Балалар ертегі, мультфильмде кездесетін сиқыршылардың суреттерін салды. Балалар сайысқа белсене қатысты.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылар арасында «Сиқырлы жұмбақтар» сайысы өтті. Сайыста балалар сөзжұмбақтар, ребустар шешіп, өз тапқырлықтарын көрсете білді.
3-4 сынып оқушылары «Егер мен сиқыршы болсам» тақырыбына шығарма жазды. Шығарманың мақсаты: оқушылардың ой-қиялдарын дамыту, мейірімділікке, адамгершілікке баулу.
Шығармада балалар өздерінің армандары туралы жазды.