19.04- «Шығармашылық» күні
Бастауыш сынып онкүндігінің жоспары бойынша 4 «Ә» сынып оқушылар арасында «Ғажайып ертегілер» сайысы өтті. Сайыста балалар викториналық сұрақтарға жауап берді, өздерінің сүйікті ертегілері туралы айтты, ертегі кейіпкерлерін үш тілде айтып жарысты, сурет салды. Кітапханаға барып, жаңа ертегі кітаптарымен танысты. Сайыс өте қызықты, көңілді өтті!
3 «Ә» сынып оқушылары «Менің қалам» суреттер көрмесін ұйымдастырды. Балалар өздерінің тұратын жерлерінің әсем табиғатын, демалыс орындарын, үйлерін салды.
1-2 сыныптар арасында ермексаздан «Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім» тақырыбына балалар өз жұмыстарын ұсынды. Ертегілер балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелейді.