14 сәуір - «Кітаптар» күні.
«Кітаптар» күні әр сыныпта бесминуттық оқудан басталды. Лигостаева Н.В., Азнабаева А.Т. 2-3 сыныптар арасында «Кітаптарға бетбелгі жасау» шеберлік сағатын өткізді. Балалар қызығушылықпен кітаптарға бетбелгі жасады.
Азнабаева А.Т. 3 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқудан «Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалар сабақта төрт түлік малдың аталарын, пайдасын атап, кластер құрастырды, жаңылтпаштар айтты. Сабақ өте қызықты өтті.
Байкенова М.О. 4 «В» сыныбында әдебиеттік оқудан А.В.Леонов «Мен ғарышқа шығамын» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды А.В.Леонов «Мен ғарышқа шығамын» шығармасымен таныстыру, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылар сабақта В.А.Леоновтың өмір-баянымен танысып, ол ашық ғарышқа бірінші адам болып шыққаны туралы мәтінді оқып білді, шығарманы еркін мазмұндап, ғарыш туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Сатыбалдинова К.М., Мухина А.М. 1-2 сыныптар арасында «Ертегілер еліне саяхат» әдеби викторина өткізді. 1 сынып оқушылар викторинада блиц-турнирге қатысты, 2 сынып оқушылары жазбаша тапсырмалар орындады. Балалар сайысқа белсене қатысты, викторинаның нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.