"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение«Школа-гимназия города  Макинск отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде:

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңалықтар

15.04.2021

13 сәуірден бастап «Макинск қаласы мектеп-гимназиясы» КММ-де бастауыш сыныптардың онкүндігі басталды.

Онкүндіктің міндеттері: 

-оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;

-шығармашылықты дамыту;

-дарынды оқушыларды анықтау;

-берілген тапсырмаға  жауапкершілікті, командада жұмыс істей білуді қалыптастыру;

-әлемге адамгершілік-эстетикалық қатынасты тәрбиелеу;

-мұғалімдердің заманауи педагогикалық технологияларға қызығушылығын арттыру;

Онкүндік 23 сәуірге дейін жалғасады. ӘБ-нің жетекшілері мен  бастауыш сынып мұғалімдері онкүндіктің жоспарын құрастырды.

13 сәуір- «Математика» күні.

Онкүндіктің салтанатты ашылуында балалар өлеңдер оқыды, сынып жетекшілер оқушыларды онкүндіктің жоспарымен таныстырды. 

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Козина Т.П., Каппасова Д.Т. 2-4 сыныптар арасында математика пәнінен мектепішілік олимпиада өткізді. 

Подолько Л.Ф. 2 сыныптар арасында «Математика – ойды ұштау» атты көңілді ойын өткізді. Оқушылар қызықты  тапсырмалар орындады, белсене қатысты. 

Бастауыш сынып мұғалімдері Акимова Л.В., Жанабекова А.М. 2-4 сыныптар арасында көбейту кестесі бойынша математикалық сайыс өткізді.

1-2 сыныптар арасында Азаматова С.А., Сатыбалдинова К.М. «Сиқырлы сандар» суреттер сайысын ұйымдастырды.

Пучек О.В. 2 «Г» сыныбында  математика пәнінен «Пысықтау. Қазақстанның қорықтары» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтары бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, командамен жұмыс жасады. Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды екі команда бөліп алды.

Бархатова Н.С. 4 «Б» сыныбында «Сандық және әріпті өрнектермен есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін «Математикалық диктант»жүргізілді, оқушылар тапсырмаларды  маршруттық парағы бойынша орындап, өзара бағалады. 

 

       

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст