"Өз орнындағы адам»
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет халықтың және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты уәкілетті мемлекеттік орган. Бұланды СЭС короновирустық инфекция кезеңінде білімберу бөлімінің ұйымдарында үлкен жұмыс жүргізуде. Мектеп-гимназиясының атынан СЭС меңгерушісі Мұхаметжанова Дәметкен Ибрашқызына кезекші топтардың оқу процесінұйымдастырып, атсалысқаны үшін үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Дәметкен Ибрашқызы мектеп - гимназиясына келіп короновирустық инфекцияменкүресу туралы нұсқаулар беріп, көптеген пайдалыақпараттар мен өте пайдалы кеңестер берді. Біз өз тарапымыздан үлкен алғысымызды білдіріп,көмегіңіз үшін рақметімізді айтамыз.
Мектеп-гимназия әкімшілігі.