«Абай мұрасы- ұлтымыздың рухани байлығы»
Абай мұрасы- адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан- жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары. Ақынның толық адам туралы айтқандары- жас өскінді Адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың.
Абай- ғасырларда біртуар ғұлама. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр болған. Сондықтан оның айтқан пікірлері- дара өнеге, нақыл. Ойланып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Сол кездегі жағымсыз әдеттер – өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, жұршылықты олардан сақтандырмақ болды. Қазақ қауымының болашағы жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру туралы даналық ой қозғайды.
Қорыта айтқанда, Абай тағылымы арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет рухани мұраларды сіңіру, жастардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани дәнін егу – мүлт кетпес мүддеміз деп білеміз. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы.
7 «Ә» сынып оқушысы
Давлятов Бекзат