Аутизм - бұл әлеуметтік өзара әрекеттесудің жетіспеушілігі және басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда кездесетін қиындықтар , қайталанатын әрекеттер,мүдделерді ,қызығушылықты шектейтін психикалық дамудың бұзылуы.
Аутизммен ауыратын бала күрделі математикалық есептерді шеше алса да, дүкенгебара алмауы немесе аяқ киімніңбауын байлай алмауы әбден мүмкін.. Ойындаркөбінесе ойналмайтын,ойнамайтын заттармен болады. Бұл суды ыдыстан ыдысқа құю,күннің шағылысына сүйсіну, таяқтарды, ойыншықтарды және басқа заттардықатар-қатар қоюы мүмкін. Бұл ойынға араласу, ойынды өзгерту немесе тоқтату әрекеті қатты наразылық тудырады. Бірақ егер мұндай бала бұл әлемге қосыла алса, онда ол өз өміріне үйреншікті жағдай жасап,оны қорғайды. Мұндай бала өте ерекшеболады, көбінесе көпшілік ойлайтындай мінез-құлқы мен жасаған әрекеттері, жаман тәрбие алғанды немесе нашар мінезді білдірмейді . Аутизмі бар бала туылғаннанбастап өзгеше дамиды, сондықтан мұқият ата-аналар, тіпті ерте жас кезіненерекше мінез-құлқына назар аударады.
Ата-аналар баланың бала кезіненаутизмді анықтай алған жағдайда, тиісінше, қолданылып жүрген емдеу әдістері ертерек басталды, одан кейінгі баланыңқоғамдағы толыққанды өмірге қаншалықты бейімділігі одан да жақсырақ болатынын болжауға болады.
Балалардың аутизмі әртүрлі формаларда, зияткерліктің және сөйлеудің әртүрлі деңгейлерінде көрінеді, сондықтан аутизмге ұшыраған бала арнайы және қарапайым балабақшада, қосымша білім беретін мектепте және беделді лицейде болады. Және мұндай балалар әртүрлі жерпде қарым-қатынас жасауда, әлеуметтік бейімделуде және арнайы бейімделуді қажет етеді. Алайда, бұның орнына олар жиі түсінбестікпен, қателесуімен және тіпті бас тарту жжағдайлары кездесіп тұрады. Олар басқа балаларға қарағанда не нашар емес, не жақсы емес, олар тек басқаша.